Баланың қауіпсіздігі – ананың тыныштығы
Балалық шақ – адам өміріндегі ерекше кезең, дәл осы уақытта денсаулық және жеке тұлға қалыптасады. Балалық шақ тәжірибесі көбінесе адамның ересек өмірін анықтайды. Бала ата-аналардың «қолынан» өмірді көреді, яғни ата-ана балаға уақыт өте келе «ұядан» шығуға, адамдар арасында өз орнын табуға, өзімен және басқалармен бірге өмір сүруді үйренуге мүмкіндік беретін өмір салтын құруда үлкен рөл атқарады. Бала ата-анасының сүйіспеншілігі, қамқорлығы, эмоционалды жақындығы және қолдауы арқасында өсіп, дамиды.
Статистикаға сәйкес, 1,5-2 жасқа дейін ата-аналар (көбіне аналар) бала тәрбиесімен айналысады, содан кейін бала балабақшаға, онан соң мектепке барады. Ата-аналардың барлығы дерлік ерте ме, кеш пе, уақыт келгенде балаларының балабақшамен танысу жағдайына тап болады. Осы кезде ересек отбасы мүшелерінің алдында көптеген сұрақ туындайды, мысалы, балабақшаға бейімделу қалай жүреді, баланы балабақшаға қай жаста беру керек, өзгерген талаптар мен жағдайларға тәуелділікті қалай тездету керек.
Мамыр айының соңына қарай балабақшаларда ересек топтағы тәрбиеленушілер түлеп ұшып, маусымның басында жастары екіден енді асқан сәбилер балабақшаға қадам басады. Осы орайда біз Қарағанды қаласының «Нәзік» бөбекжайының тәрбиешісі Денисенко Татьяна Анатольевнаның пікірін білген едік.
– Мектеп жасына дейінгі баланы балабақшаға тез және қиындықсыз бейімдеу үшін ата-аналар мен тәрбиешілердің өзара әрекеттестігі әсіресе ерте жастағы топтарда өте маңызды. Бұл – баланың әлеуметтену әлеміне алғашқы қадамдары, ол ересектермен және басқа балалармен танысады, қарым-қатынас жасауды, қатарластарымен ойыншық бөлісуді үйренеді, сонымен қатар қоршаған әлем туралы біледі. 2 жасқа дейін баланың балабақшаға дейінгі достары болды: ата-анасы, ағасы, әпкесі, атасы, әжесі. Бала балабақшаға келгенде, оның әлеуметтік ортасы кеңейеді: онда тәрбиешілер және өзіндей басқа да балалар бар. Ата-ана баласын балабақшаға саналы түрде әкеліп, тәрбиеші қолына береді. Алғашқы күннен бастап ата-ана, бала және тәрбиеші арасында қарым-қатынас орнату қажет. Балабақша мен ата-ананың өзара әрекеттестігінің мақсаты – жалпы білім кеңістігін, қызығушылықтарды, тәрбиелік күш-жігер мен серіктестік құру, – дейді Татьяна Денисенко.
Педагогтер отбасының ерекшеліктерін ескере отырып әрбір отбасымен қарым-қатынас жасаудың жеке тактикасын таңдайды, мұғалімдер тәрбие мәселелерін бірлесе шешу үшін ата-аналармен ынтымақтастықтың стандартты емес жаңа жолдарын табады: бұл – «бала, ата-ана, тәрбиеші» бірыңғай одағын құру.
Балабақшаның заманауи білім беру кеңістігінде тәрбиешілер ата-аналармен қарым-қатынастың әр түрлі жолын табады. Яғни бүгінде ата-ана баласының не істеп жатқанын, қандай жаңа нәрселерді үйренгенін көргісі келеді. Бүгінде мұндай мүмкіндіктер бар, заманауи технологиялар дамып, қазір барлығын онлайн режимде көруге болады.
Тәрбиеші мен ата-ана арасындағы дәстүрлі байланыста тәрбиеші ата-аналар жиналысын өткізеді, өткен кезеңнің қорытындыларын шығарады, ұйымдастыру мәселелерін шешеді, шеберлік сабақтарын өткізеді, жеке және өзекті сұрақтарға жауап береді.
Ал бүгінде ата-аналармен жұмысты қызықтырақ ету үшін белгілі бір тақырыптар аясында түрлі кеңес папкалары қарастырылған: «Бала тәрбиесінің негіздері», «Гигиеналық дағдылар», «Үйдегі саусақ ойындары», «Сөйлеуді дамыту» және т.б. Олар қабылдау бөлімінде тұрады, кез келген ата-ана онымен таныса алады.
– Біз ата-аналарды алаңда қар тазалауға, ашық ойын құрылымдарын, қар сырғанақтарын, ертегі кейіпкерлерін жасауға да тартамыз, ата-аналар «Құстарға арналған ұялар», «Қыстайтын құстарға арналған жемшөптер» атты шараларымызға белсенді атсалысып, балаларымен бірге «Қыстайтын құстарды тамақтандырайық» акциясына қатысты. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалармен облыстық, қалалық «Алтын күз», «Үздік жаңажылдық қолөнер», «Сюжеттік-рөлдік бұрыш», «Сөйлеу бұрышы», «Театр бұрышы» байқауларына да қатысты. Терезерлерді түрлі мерекеге орай безендіру және басқа да шараларға ата-аналар қуана қатысады, қолөнер жасайды, кітапхана қорын толықтыру үшін кітап әкеледі, челлендж, бейнероликтер түсіреді. Тәрбиешілер блог жүргізеді және Youtube арнамызда ертеңгілік, ойын-сауық пен іс-шаралар жайлы бейнелер орналастырады. WhatsApp желісінде барлық баланы толғандыратын ұйымдық мәселелер туралы ақпарат таратуға арналған ата-аналар чаты бар. Қарым-қатынастың маңызды тәсілі, әрине, жеке, әр кеш сайын тәрбиеші ата-аналарға баланың проблемалары немесе жетістіктері туралы кеңес береді, бүгін қандай тақырыптар өткенін, бала қандай жаңа нәрселерді меңгергенін қысқаша баяндайды, жеке тапсырмалар береді, кешкілік қандай ертегілер оқыған дұрыс екенін, қандай музыка тыңдаған жөн және қандай саусақ ойындарын ойнау керегін түсіндіреді. Әрбір тәрбиеші бұл мүмкіндіктерді өз тәжірибесінде қолдана отырып пайдаланады, – деп атап өтті Қарағанды қаласы «Нәзік» бөбекжайының тәрбиешісі Татьяна Денисенко.
Қарағанды қ. «Нәзік» бөбекжайы ұсынған ақпарат негізінде