Байқауда оза шапты

Қарағанды облысы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, 26 жастағы Фариза Боранғазы Тараз қаласында өткен дәстүрлі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы байқауда екінші орын алды. Оған ел өңірлеріндегі іріктеу турынан өткен 12 үміткер қатысты.

Байқау төрт кезеңде өткізілді: қатысушылар қазақ тілін оқытудағы жеке тәжірибесі негізінде авторлық бағдарлама ұсынды, оның үстіне, бағдарламада тілді тез үйренуге арналған арнайы әдістемелер қамтылуы тиіс еді; Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектеріне қатысты сұрақтарға жауап берді; аудиториямен жұмыс істей білетінін көрсетті.

– Қазылар алқасы біздің облыс ұсынған жұмысты орыстілді аудитория мен ересектерді оқытудың бірегей авторлық жобасы деп таныды және оны басқа әріптестеріне ұсынды. Біз ұсынған жобаның ерекшелігі – кәсіби салаға және қысқамерзімді ағымға бағдарлану. Жалпы білім беру курсының бағдарламасы лексикалық 24 тақырыпты қамтиды. Оның негізінде медицина қызметкерлеріне арналған оқу құралы шығарылды: А1 (қарапайым) және А2 (базалық) деңгей. Білім беру құралы QR-коды бар электронды нұсқаға қосымша ретінде әзірленді. Оқу құралында аурудың терминдерімен, атауларымен, олардың белгілерімен, медициналық жабдықтың атауымен және т.б. танысуға болады, – деді Фариза Боранғазы.

Байқауды ұйымдастырушы – Тіл саясаты комитеті. Оның негізгі мақсаты – лингвистика саласындағы ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін зерделеу арқылы қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі