Бұқпаның су құрамы бұзылуда

Бұқпа өзеніне кәріз суы құйылуда. Осылай деген бағбандар бесінші ақпаннан бері дабыл қағуда. Экобелсенділер де аса алаңдаулы. Саяжай қоғамының тұрғындары алғашында өзен арнасының толғанын аңғарған. Зерделей қарағанда судан өткір иіс тарап, өзенге кәріз суы құйылып жатқанын көрген. Қалалық кәріз қалдықтарының 70%-ы осы өзен арнасына құйылуда. Ағынды судың Федоров суқоймасына да құйылу қаупі бар. Бұл дегеніміз қарағандылықтардың жалғыз демалыс орнынан айырылу алдында екенін білдіреді.

Саяжай тұрғындары, Бұқпа өзенінің мұз құрсанған арнасы күтпеген жерден суға тола бастағанда, дабыл қағуға мәжбүр болды. Су тасқынына әлі ертерек, ендеше мұның табиғи емес, техногендік сипаттағы құбылыс екені анық. Сонымен қатар айналаның барлығын кәріз суының өткір иісі жайлаған. Бірден әрекетке көшкен бағбандар жауапты орындарды түгелдей хабардар еткен. Тұрғындардың пайымдауынша, бұл өзенге Оңтүстік-Шығыс шағынауданынан кәріз ағыны келіп құйылуда. Себебі Федоров саяжайлары ауданында №10 кәріз коллекторынан ағынды су төгіліп жатыр. Салдарынан балықтар, осы маңайда жайылатын төрт түлік мал зардап шегуі әбден мүмкін. Жұрт осылай деп алаң көңіл болғандықтан, аталған орында мемлекеттік экологтер жұмыс бастап, судың ластану жағдайын тіркеді.

«Табиғатқа орны толмас зиян келді» деп шырылдаған экобелсенді Жұмабай Ысқақов жағдайды былай деп баяндады:

– Қазір кәріз суын канал арқылы жіберіп жатыр. Ол канал бірден Бұқпаға барып құяды. Бұқпаға құйылған кәріз суы Федоров суқоймасына да жетеді. Федоров суқоймасы – Қарағандыда суға түсуге рұқсат етілген жалғыз суқойма. Оның өзі ластанудың аз-ақ алдында тұр. Өздеріңіз елестетіп көріңіздер.

Экобелсендінің бұл көзқарасын «Қарағанды Экомузейі» ҚБ директоры Айгүл Мәлікова да растайды. Айтуынша, бұл – нитриттер, нитраттар және синтетикалық белсенді заттар немесе, қарапайым тілмен айтқанда, халық қолданатын түрлі химиялық қоспасы бар лас су. Бұл – бұлай болмауы тиіс төтенше жағдай. Егер жағдай бақылауға алынбаса және қалпына келтіру мен тазарту толық жүргізілмесе, болашақта су тасқыны кезінде де, жазда да салдары салмақты болады. Жұқпалы аурулардың өршуіне себеп болуы әбден мүмкін.

Суға қатысты қызмет көрсетуші кәсіпорынның мұндай авариялық жағдайды жою жоспары болуы тиіс еді, бірақ осы уақытқа дейін апатты жою мүмкін болмағанына қарағанда, кәсіпорын оған дайын болмады деп есептейді экологтер. Кәріз коллекторының ұзындығы 16 км. Өз кезегінде жауапты мекеме ретінде «Қарағанды Су» компаниясының ресми өкілі Марина Богдан:

– Коллектор бойындағы барлық құдықты тексеру кезінде ағынды су төгілгені анықталмады. Кептелу себептері мен нақты орындарын коллектор учаскесін уақытша босатып, құбырлар күйін ішінен тексеру арқылы ғана анықтауға болады. Қазіргі уақытта «Қарағанды Су» ЖШС дайындық жұмыстарын жүргізуде, – деп түсіндірді.

Қазір «Қарағанды Су» компаниясы құбырдағы суды ағызу үшін айналма арна арқылы амалдауда. Бірақ айналма канал мәселені шеше алмайды. Қарағандыда кәріз желілерінің тозығы жеткен, ал белсенді құрылысқа байланысты оларға түсер салмақ жылдан-жылға артып келеді. Экология департаменті су сынамаларын алып тексере бастады. Санэпидемиологтер де солай жасауда. Әзірге бұл экологиялық апаттың соңы не болары түсініксіз.