Бұқпа өзені туралы жоба әзірлеу жалғасуда

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының қызметкерлері Орталық саябақтағы Бұқпа өзені мен тоғандарын шахта суларымен толтыру жобасының техникалық мәселелерін талқылады. Кеңеске Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та қатысты

Қала әкімі және Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Үлкен Бұқпа өзенінің арналарын аралап тексерді. Басқарма бірнеше ай бойы өзен суын қалпына келтіру жобасымен айналысып келеді.

Кеңес жылдарында Кіші Бұқпа мен Үлкен Бұқпа өзендері тартылмаған. Бұл — жылдар көшінде пайда болған экологиялық проблема. Өзен Орталық саябақ тоғандарынан нәр алады. Сондықтан су объектілерінің жағдайы құртылмаған. Бұқпадағы су деңгейін қалпына келтіру Орталық саябақ тоғандарының көптеген мәселесін шешеді. Ол үшін Костенко шахтасының тұндырғыштарынан өзен арнасына су жіберу жөнінде шешім қабылданды.

Үлкен Бұқпа өзенінің арнасын қарағаннан кейін арнайы топ №1, №2, №3, №4 тоғандарына шығып, Кіші Бұқпа өзенінің арнасын қарады.

Облыстың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімінің басшысы Дархан Асқаров жобаның қалай әзірленетіні туралы айтып берді.

— Қазір біз «Үлкен Бұқпа өзенін санациялау» жобасын әзірлеп жатырмыз. Техникалық мәселелерді шешу үшін біз Қарағанды әкімімен кездестік. Орталық саябақтың тоғандарын шахта суларымен толтыру мәселесі өзекті болып тұр. Біз жергілікті тазарту қондырғыларының қалай орналасатынын, арнаның өзі қандай болатынын талқыладық. Егер Бұқпа өзенінің су қорғау аймағын қарасақ, каналдар Костенко шахтасының рельефінде жатқанын байқаймыз. Шахта суды тікелей өзен арнасына бере бастайды. Содан кейін су саябақ көлдеріне құйылады. Қазір суқоймалар тек еріген сулармен толтырылады. Су тасқынынан кейін су жоқ. Жазда саябақтағы өзендер мен көлдердің арнасы тартылады. Жоба енгізілгеннен кейін, жаз бойы Костенко шахтасынан су үнемі ағып тұрады. Онда су жеткілікті, — дейді Дархан Асқаров.

Жобаны әзірлеу тағы бір айға созылады. Кейін Табиғатты пайдалану басқармасы жобаны мемлекеттік сараптамаға тапсыратын болады.