Бүгін, елімізде ғашықтар күні «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күні атап өтіледі

📚Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу — шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген қос ғашықтар. Қос ғашықтар махаббат жолында түрлі қиыншылықтарды бастан кешеді. Олардың махаббат тарихы елімізде махаббат символына айналды.

📌Қос ғашықтың қайғылы махаббатына арнап тұрғызылған Қозы Көрпеш — Баян Сұлу мазары Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз өзенінің бойында орналасқан.