Қазақстанның Қарулы күштері Қостанай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың нұсқауы бойынша Қарулы күштердің құрамалары мен бөлімдерінің бөлімшелері Қостанай облысындағы өрті оқшаулау жөніндегі іс-шараларға тартылды.

Өрт болған жерге бірінші болып елордадан әскери-көлік авиациясымен 120-дан астам десантшы, сондай-ақ халықты эвакуациялауға көмек көрсететін жергілікті аумақтық қорғаныс бригадасының тұрақты құрамының 45 әскери қызметшісі келді.

Өртті жоюға көптеген мамандар мен әскери техника тартылды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан 31 бірлік арнайы техника мен 38 әскери қызметші жіберілді. Қостанай облысына «Астана» өңірлік қолбасшылығынан шамамен 10 арнайы техника жөнелтілді.

Әскери-әуе күштері материалдық құралдар мен жеке құрамды дағдарыс ауданына ауыстыру үшін әскери-көлік авиациясын, сондай-ақ арнайы аспадағы өрт сөндіру жүйелері бар 4 көліктік-жауынгерлік тікұшақты жұмылдырды.

Қарулы күштердің бөлімшелері жедел штабпен тұрақты байланыста болады.