Қазақстандықтарға ҰҚШҰ Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің Әскери эшелондарының қозғалысы туралы ескертілді

2022 жылдың 26 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатысуымен «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтетіні хабарланған болатын. Аталған оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін, 8-15 қазан аралығында Қазақстан аумағы бойынша әскери эшелондар тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады.


Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингенттері еліміздің аумағы бойынша «ҚТЖ «ҰК» АҚ-мен бұрын келісілген эшелондар қозғалысының кестесі бойынша екі бағытта: оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай қозғалады.
Бұдан басқа, Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері ел аумағы бойынша темір жол көлігімен және әскери техникамен өтеді.
Осыған байланысты азаматтардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарға назар аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз.