Қазақстан құрамасы дауға қалды

2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Санатәлі Төлтаев анаболикалық стероид саналатын орал-туринабол қолданғаны үшін 2026 жылдың 31 наурызына дейін жарыстардан шеттетілді.

Тағы бір қазақстандық боксшы Серік Абзалдың метастерон қолданғаны анықталды, сол үшін спортшы 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін жарыстардан шеттетілді.

Айта кетсек, Бангкокта өткен 2023 жылғы Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгілер арасында Серік күміс медаль иегері атанған болатын.