Қазақстан мини-футболдан Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы «Еуро – 2024» додасында мини-футболдан қола жүлдеге ие болды. Команда түгелдей дерлік қарағандылық атақты «Биосфера» ойыншыларынан құралды.

Құрлықтық турнир Сараевода (Босния және Герцеговина) өтті. Қазақстандықтар топтық кезеңде 1-орынға ие болды, содан кейін Словения мен Әзербайжаннан келген қарсыластарын жеңді, ал финалға шығар ойында пенальтиде Румыниядан жеңілді. Алайда әуесқойлар арасында «Еуро – 2024» қола медальдары үшін Қазақстан Франциямен ойнады, команда 7:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Қазақстандық Александр Рушинас турнирдің үздік қақпашысы болып танылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы негізінен қарағандылықтардан құралған Қазақстан құрамасы БАӘ-де шағын футболдан өткен Әлем чемпионатында 2-орынға ие болған еді.

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы