Ата-заңға түзетулер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу туралы

Барлығымызға белгіілі жуықта еліміздегі саяси реформаларға байланысты Ата-заңға түзетулер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу туралы мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаев шешім қабылдады.
Жаңа Қазақстанды құру жолында үлкен мақсаттар бар. Осы орайда Ата Заңымызға түзетулер мен өзгерістер енгізе отырып, мемлекет пен қоғамға түбегейлі өзгерістердің нәтижесінде әрбір ҚР азаматтарының өміріне оңды жағдай жасалынбақ. Яғни қолынан іс келетін, әрбір адамның жақсы өмір сүруі үшін барынша қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуғаа мүмкіндіктің орайы туып отыр деген сөз. Сол себепті ұрпағының болашағына алаңдайтын әр Қазақстандық азамат ел Президенті ұсынған Ата заңға енгізілетін өзгерістер бойынша өткізілетін бүкілхалықтық референдумда дауыс беру арқылы өз үнін қосып жеткізуге құқылы.
Бұл референдум барлығымызңа жұдырық болып жұмылып, азаматтық қоғамға негізделген жаңа мемлекетті құру жолындағы аянбай тер төгетін сәт. Еліміз тарихындағы аса маңызды оқиғадан шет қалмау елін сүйетін әрбір азаматтың басты міндеті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құруда ел азаматтарына ерекше сенім арта отырып, оның ақталатынына зор сенімін білдіріп отыр.
Мен , Меруеш Башайқызы Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Президент ұсынған референдумға өзгерістер енгізу туралы шешімін толығымен қолдаймын.

Меруеш Башайқызы