Ата-ана мен ұстаздар назарына!

Мамыр айындағы мерекелер, соңғы қоңырау, бітіру кештерінің уақыты жақындап келеді. Қалалық білім бөлімі әлеуметтік желілерде мереке кезінде аспанға гелий шарларын ұшырмау туралы ата-аналардың үндеуін қолдайды. 2019 жылдан бастап қалалық Соңғы қоңырау мерекесінде дәстүрге айналған аспанға шар ұшыру шарасынан бас тартып, білім беру ұйымдарына да мұндай іс-әрекетке жол бермеуді ұсындық. Екі жыл бойы пандемияға байланысты бұқаралық жиындар мен басқосулар өткен жоқ. Ал биыл карантин талаптары жеңілдетілгендіктен, алдағы мерекелерге дайындық басталып та кетті. Осы орайда Қарағанды қаласының білім бөлімі педагогтер мен ата-аналардан мерекелік шаралар кезінде аспанға шар, жанатын шырақ ұшыру «дәстүрінен» бас тартып, пиротехникалық бұйымдарды сапа сертификатынсыз пайдаланбауды, жалпы алғанда, балалар үшін қауіпті және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін іс-әрекеттердің алдын алуды сұрайды.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА, «QH»