Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізді

“Жұмыс тобы қажетті түзетулерді әзірледі. Бұл іске белгілі заңгер ғалымдар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент және мемлекеттік органдардың өкілдері атсалысты. Конституциялық Сотта, Конституциялық Кеңесте жұмыс істеген ғалымдарымыз бар. Ата заңымыздың жаңа нормаларын әзірлегенде олардың мол тәжірибесі септігін тигізгені анық. Әсіресе, Конституциялық Сотты құру және оның жұмыс тәртібін реттеу мәселесі туралы ой-тұжырымдар пайдалы болды”, – деді Президент.