Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін дайындалған жоба туралы

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін дайындалған жобаға қоғамды саяси тұрғыдан трансформациялау жөнінде берілген барлық ұсынысты ескерудің мәні зор екеніне тоқталды.

«Шын мәнінде, бұл Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді. Нақты әрі толық түсінік болу үшін осы модель мен үдерісті Екінші республика ретінде белгіледім. Жаңа парадигмаға сәйкес Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді. Азаматтардың қатысуы едәуір артып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаяды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.