ҚАШЫҚТЫҚТАН БАҚЫЛАУ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТӘРТІБІН САҚТАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қолға алынған шаралардың бірі, ол «арызсыз» қашықтықтан бақылау шарасы.
Қашықтықтан бақылау шарасы қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жедел анықтауға, қызмет алушылардың шағымдарын күтпестен, қызмет көрсету барысында орын алып отырған заңбұзушылықтарға бірден ден қоюға мүмкіндік береді.
Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің сақталуын қамтамасыз етудің маңызды құралына айналып, азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығы мен қолжетімділігіне ықпал етеді.
Департаментпен аталған бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 10-нан астам қызмет көрсетуші мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету қағидаларының талаптарының бұзылуын жою туралы ұсынысхаттар жолданды және рұқсат құжаттарын ұсынудан негізсіз бас тартқан 7 лауазымдық тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған жұмыстар Департаментпен тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпараты негізінде