Қарызы барлар құтылмайды
Борышкер көлік жүргізушілері жіті назарда. Қаламызда айыппұлдарын уақытылы төлемей жүрген көлік иелерін ұстау мақсатында «Борышкер» жедел профилактикалық шарасы жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары жүргізушілерді жол бойында тоқтатып, берешектерін тексерді.
Шара барысында полиция қызметкерлері тоқтатқан көлік иесі алдында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлемеген. Оның көлігі айыппұл тұрағына жөнелтілді. Енді ол жаяу жүруге мәжбүр.
– Егер адам айыппұлды төлеуден жалтарса немесе көрсетілген соманы төлемесе, материал жұмыс орнына жіберіледі. Кейін материал жекеменшік сот орындаушылары палатасына беріледі. Ереже бұзғандардың көпшілігі 25-35 жас аралығындағы азаматтар. Көбінесе олар тұрақты жұмыс орнынан айырылғандар болып келеді және сол себепті айыппұл төлеуден жалтарады, – дейді Қарағанды қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Маурат Уахитов.
Қарағанды қаласында қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өтуде. Жолдарға әкімшілік полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірге шығып, борышкерлердің мекенжайларына барады. Егер айыппұлдар уақытылы төленбесе, олардың істері жекеменшік сот орындаушыларына жіберіледі. Полиция мәліметінше, айыппұлды өндіру деңгейі 66%-ды құрайды. Жыл басынан бері жекеменшік сот орындаушылар палатасына шамамен 190 миллион теңге көлемінде қаулы жіберілген. Соның 418 миллионы ғана өндірілген. Оперативті профилактикалық шара басталғалы бері 74 көлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзбауға, ал бұзған жағдайда көлікті тәркілеуге дейін жеткізбеуге шақырады.
Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ,
«QH»