Қарағандылық теннисшілер Ливан мен Алматыда өткен жарыстарда ерекше көзге түсті

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Бейруттағы WTT Youth Contender халықаралық үстел теннисі турнирінің алтын медалін жеңіп алды. Теннисші 17 жасқа дейінгі жеке категорияда тамаша нәтиже көрсетті.

Дәл осы кезде қарағандылық теннисшілер Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында да өздерін жақсы көрсетті. Жарыс 2009 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында өтті. Командалық турнирдің финалдық матчтарында қарағандылық ұлдар мен қыздар алтын медаль жеңіп алды.

Ұлдар арасында: Қарағанды – Алматы 3:1.

Қыздар арасында: Қарағанды – Шымкент 3:2.