Қарағандылық әскери арулар құттықталды…

07 наурыз күні Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әскери саладағы әйелдер қауымына араналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков әскерилерді марапаттап, мерекеге өз лебізін білдірді.

— Әскери қызметте ерлер мен қатар нәзік жандылар қатарласып қызмет етіп келеді. Оның өзі еліміз қорғау жолында аянбай тер төгіп, абыройлы да антына адалдық танытып, барлық қойылған тапсырмаларды бұлжытпай орындап келеді. Еліміздің қорғаны, аяулы аналар Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан тілеймін, армандарыңыз асқақтан көріне берсін, деп Сакентай Амантайұлы өз сөзінде тоқталып өтті.

ІІМ орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Советбекұлы, Ұлттық ұлан » Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының құттықтау бұйрықтарынан соң, Қарағанды қаласының Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Әуен» ансамблінің солистері, бөлім сарбаздарының көркем өнерпаздары тамаша әндерімен, қонақтарға қайталанбас көңіл күй сыйлады.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.