Қарағандылық синхроншылар Әлем кубогы кезеңінде ерекшеленді

Қазақстан құрамасы көркем жүзуден Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері атанды. Қазақстан командасы акробатикалық бағдарламада Бейжіңде (Қытай) жарыс иелерін басып озып 213.7801 ұпай жинады. Күміс жүлдегерлер – Аспан асты елінің өкілдері (205.0300). Үздік үштікті Австралия қорытындылады (196.6266). Бұл туралы Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының басым бөлігін Қарағанды мектебінің тәрбиеленушілері, дәлірек айтсақ, теміртаулық таланттар құрады. Алтын жүлде жеңіп алған команда құрамында Әйгерім Құрманғалиева, Жәния Жиенғазы, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, сондай-ақ қарағандылық Наргиз Болатова, Этери Какутия, Арина Мясникова және Ксения Макарова өнер көрсетті. Осы жеңіске дейін техникалық бағдарламада қазақстандықтар қола жүлдеге ие болды.

Әлем кубогы кезеңінде өзін теміртаулық жас әрі келешегі зор спортшы Виктор Друзин көрсете алды. Анна Павлецовамен дуэтте ол күміс медаль жеңіп алды. Ал «Ерікті соло» бағдарламасында 17 жастағы жүзгіш қола жүлдеге ие болды.

Әлем кубогының келесі кезеңдері Францияда 3 мамырдан 5 мамырға дейін, Канадада 31 мамырдан 2 маусымға дейін өтеді. Венгрияда 5-7 шілде аралығында суперфинал өтеді.

Құралай КӨБЕНОВА,«QH»