Қарағандылық ұландық үздік атанды…

Қыркүйек айының 27 мен 29 аралығында ҚР Ұлттық ұланының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары басқарма, бөлімшелерінің «мемлекеттік тілді еңгізу» мамандарының оқу-әдістемелік жиыны өткізілуде. Осы орайда 28 қыркүйек күні Астана қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінде Республикалық көлемінде «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты байқау конкурсының 3-ші айналымы өткізіліп, қорытындылау іс-шарасы да тәмәмдалды. Байқауға Ұлттық ұланның «Орталық», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары мен 5573, 3656, 6636, 6654 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты. Аталмыш іс-шарада тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасы тіл бөлімінің бастығы полковник Әлішер Әбдірәсіл төрелік етті.

— Жыл сайын әскердің барлық өңірлердегі әскери бөлімдерінде аталмыш конкурстың 1 және 2-ші кезеңдері өткізіліп тұрады, араларынан үздік таңылғандары Астананың төрінде Республикалық дәрежеде сыңға түседі. Әрбіріміз Қазақстан азаматы болғандықтан, мемлекеттік тілді білу — парыз. Ел қорғаушыларының арасында еліміздің тарихын, тілін дамытуда игі істер жасалып жатыр, соның бірі — бүгінгі шара. Ең мықтысы жеңсін! — деді Әлішер Нұріддінұлы шараның ашылу салтанатында.

Айта кетелік, аталмыш іс-шараға СҚО, Түркістан облысы , Алматы облысы, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің өзге ұлт, дәлірек айтсақ күрт, орыс, әзірбайджан, өзбек ұлттарының өкілдері қатысты.
— Іс-шара ережелерінің бірі — әрбір үміткер 3 айналымға қатыса алады. Өзі қызмет ететін өлкесі жайлы өлең шумақтары, бейнелеу әдісімен таныстыру, көркемсөз шебері (театрлық көрініс), эпиграф таңдап алып көркемдік, фондық музыка арқылы жеткізу, — деді байқаудың ІІІ орнын иеленген Ұлтық ұлан академиясының курсанты Валижонов Бекзод.

Іс-шара барысында үздіктер анықталып, Қарағанды қаласының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінің маманы кіші сержанты Владислав Горизанов топ жарды.
Ал жүлделі ІІ орынды Алматы қаласынан келген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі қатардағы Руслан Калоша еншіледі. ІІІ орын 6654 әскери бөлімінен келген сержант Мамедов Исамен Ұлттық ұлан академиясының курсанты Бехзод Волижановқа бұйырды.

Жеңімпаздарды полковник Әлішер Әбдірасіл пен ҚР Ұлттық ұланы ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев марапаттады.

ҚР Ұлттық ұланы “Орталы өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.