Қарағандылық ұландықтар смартфонды қайтарып алды

Қарағандыда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік жөніндегі қызметті атқару кезінде 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жерде жатқан ұялы телефонды тапты.

23 қазанда әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ерлан Рахымжанов патрульдік қатардағы жауынгерлер Жасұлан Қаси мен Саят Байтаймен бірге Октябрь ауданында қызмет атқару кезінде орындықтың жанында «Xiaomi Redmi 8» маркалы смартфонды байқады. Бұл туралы олар дереу әскери жасақ бойынша кезекшіге баяндады.

Белгілі болғандай, смартфон серуендеу кезінде гаджетін жоғалтқан жігітке тиесілі болды. Жоғалған жерден ол телефонын өз бетінше іздеп жүр екен.

Жақын жерде бірдеңе іздеп жүрген жігітті көріп, әскери жасақ одан табылған телефон туралы нақтылады. Белгілі болғандай, телефон шынымен жас жігітке тиесілі болды. Әскери қызметшілер телефонды иесіне қайтарып берді, қырағылық пен жоғалған гаджеттің табылғанына ол ризашылығын білдірді.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі