Қарағандыда жергілікті әскери басқару органдары офицерлерінің оқу-әдістемелік жиыны өтті
Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықовтың басшылығымен қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бастықтарының орынбасарларымен, басқармалар бастықтарымен, аудандық және қалалық деңгейдегі бөлімдердің бастықтарымен оқу-әдістемелік жиын өтті.
Аталған санаттағы әскери қызметшілерге мемлекеттік қызмет көрсету, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, жұмылдыру дайындығы, жергілікті әскери басқару органдарында тәрбие және идеологиялық жұмыс бойынша сабақтар ұйымдастырылды.
Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының мамандары жиынға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық және қылмыстық заңдардың нормаларын жеткізді, диверсияға қарсы қауіпсіздікке қатысты мәселелерді бірге пысықтады.
Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына сарбаздар аналар комитетінің төрағасы Лилия Хайруллинамен кездесу ұйымдастырылды. Ашықтық пен сенім қағидаттарын жүзеге асыру аясында мұндай қарым-қатынас қоғам өкіліне де, жергілікті әскери басқару органдарының офицерлеріне де пайдалы болды.
– Оқу-әдістемелік жиын мақсатқа сай өткізілді. Нәтижелері бойынша жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға айтарлықтай дайын деуге болады, – деп түйіндеді Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті жоспарлау және үйлестіру басқармасының бастығы полковник Руслан Қасымов.
Жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары мемлекеттік құпияларды қорғау, жұмылдыру, мемлекеттік-құқықтық, дене шынықтыру және атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырды. Дене шынықтыру дайындығы бойынша Ақтөбе облысынан – майор Ернұр Асқаров, атыс дайындығы бойынша Маңғыстау облысынан – майор Нұрлан Таңбаев үздік атанды. Жиынға барлығы 176 офицер қатысты.