Қарағандыда туберкулезбен сырқаттандар саны азайды

Қарағанды облысында 2021 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 32,7 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық 0,9%-ға төмендеген.

Қарағандыда соңғы уақытта қауіпті инфекцияның бірі болып есептелетін құрт ауруын жұқтырғандар саны азайған. Тыныс алу органдарының туберкулезімен ауыру 2020 жылғы 31,5-тен 2021 жылы 29,5-ке дейін яғни 6,3 %-ға төмендеді. Тыныс алу органдары туберкулезінің өсуі Балқаш, Приозерск, Саран, Теміртау қалаларында, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында, Ұлытау және Шет аудандарында байқалады. Бұл туралы Қарағанды облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері хабарлап отыр. Жалпы туберкулез — қауіпті инфекция, ол басқа аурулармен қатар көптеген адам өміріне қауіп төндіреді. Тіпті кей жағдайда қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін. Қазіргі уақытта міндетті вакцинопрофилактиканың енгізілуіне және туберкулезге қарсы бірқатар тиімді химиялық препараттардың болуына байланысты адамдар бұл ауруды толық емдей алатын жағдайға жетті. Себебі осыдан біраз жылдар бұрын бұл індет шипасы жоқ індеттер қатарынан болған.

Туберкулез аса қауіптілігімен, материалдық залал келтіретін аса маңызды әлеуметтік және медициналық проблема болып табылады және адамдардың денсаулығы үшін жаһандық қатер төндіретіндіктен ерекше назар аударуды қажет етеді. Туберкулездің ауыртпалығы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктемелермен және ел экономикасындағы шығындармен ғана емес, сонымен бірге адам өлімімен де тығыз байланысты, өйткені туберкулез негізінен жас адамдарды зақымдайды.

Балалардағы туберкулез ауруының алдын алудың негізгі әдістері бала өмірінің алғашқы 1–4 күнінде қарсы көрсетілімдер болмаған кезде ауруханада жүргізілетін БЦЖ вакцинациясын салдырады. БЦЖ вакцинасы адамның жалпы денсаулығы үшін қауіпті емес жергілікті туберкулез процесінің дамуын тоқтатуды қамтамасыз ете отырып, тері ішіне енгізіледі. Нәтижесінде организм микробактерия туберкулезіне қарсы ерекше иммунитетті дамытады. Екпе салу ауруды азайтуға септігін тигізеді және балалар арасында туберкулездің жіті және жайылған түрінің дамуының алдын алуға септігін тигізеді. Вакцинациядан кейінгі жақсы иммунитеті бар вакцинацияланған бала микобактериялармен кездескенде ауруды мүлдем жұқтырмайды немесе инфекцияны жеңіл түрде жұқтырады. Жас ерекшеліктеріне байланысты балалар ересектерге қарағанда бастапқы инфекция кезінде туберкулезбен жиі ауырады.

Ересек жастағы адамдар арасында туберкулездің алдын алу жыл сайын диспансерлік бақылау және ауруды ерте сатысында анықтау болып табылады. Туберкулезді ерте кезеңде анықтау мақсатында ересектер емханада жылына кемінде 1 рет флюорографиялық тексеруден (мамандығына, денсаулық жағдайына және әртүрлі «қауіп топтарына» жататындығына байланысты) өтуі қажет.

Туберкулездің көптеген белгілері ерекше сипатқа ие емес. Сондықтан төмендегі белгілер анықталған кезде жедел дәрігерге қаралуға кеңес беріледі. Олар:

  • ­ қақырық бөлінетін жөтел немесе жөтел, мүмкін қанмен;
  • ­ тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы;
  • ­ тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, салмақ жоғалту;
  • ­ тершеңдік, әсіресе түнде;
  • ­ температураның 37–37,5 градусқа дейін көтерілуі.

Жоғарыда аталған симптомдардың кем дегенде біреуі үш апта бойы сақтаған кезде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керек. Туберкулезге күдік туындаған жағдайда науқасқа флюорография, кеуде қуысының рентгені және қақырықты тексеру ұсынылады. Барлық күдікті жағдайларда пациент қосымша диагностика және емдеу үшін туберкулез диспансеріне жіберіледі.

Өзіңізді туберкулезден қорғау үшін:

  • ­ уақтылы флюорографиялық тексеруден өту,
  •  ­ балаларды туберкулезге қарсы егу,
  • ­ жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау,
  • ­ тиімді тамақтану, сүт және ет өнімдерін, көкөністер мен жемістерді жеу,
  • ­ бөлмені үнемі желдетіп, таза ауада көбірек болу,
  • ­ жаман әдеттерден (темекі шегу, алкоголь және есірткі қолдану) бас тарту қажет.

Ерте кезеңде анықталған ауруды емдеу әлде қайда нәтижелі болатынын есте сақтаған абзал.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті