Қарағандыда аула клубтары үйірмелеріне іріктеу жүріп жатыр
Қарағандының аула клубтары балалар мен жасөспірімдерге мектептен бос уақыттарын көңілді және пайдалы өткізуді ұсынады. Үйірмелер мен секциялар туралы көбірек білу үшін ашық есік күндері өтеді.
Қалада «Шахтер» КМҚК жанынан 39 балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істейді. Сүйікті спорт түрімен немесе шығармашылықпен тегін айналысуға болады. Сондай-ақ, клубтарда жарыстар, фестивальдар, көрмелер, театр қойылымдары және т.б. ұйымдастырылады.
– Жасына қарамастан бізге барлық ниет білдірушілер келе алады. Клубқа жазылу үшін ешқандай құжат қажет емес. Тегін және қалаған уақытта келуге болады. Біз екі клубта ашық есік күндерін өткіздік. Алдағы сенбі, 21 қыркүйек, сағат 12:00-де жеті клуб өз жұмыстары туралы айтып береді. Ата-аналар мен балаларға жеткіншектер бос уақытын қалай жұмсай алатынымен танысуға шақырамыз, – дейді «Шахтер» КМҚК аула клубтары бойынша бөлім басшысы Әсел Әшірбек.
Клубтарда үстел теннисі, шахмат, футбол, бокс, ұлттық спорт түрлері және т.б. бойынша спорт секциясы жұмыс істейді.
– Біз клубтардың барлық үй-жайын жақсы жағдайда ұстауға тырысамыз. Жөндеу жасаймыз. Келесі жылы «Шаңырақ» және «Мирас» клубтарында жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жөндеу аяқталғаннан кейін Оңтүстік-Шығыс ауданындағы балаларда үйдің жанында тағы екі заманауи клуб пайда болады, – дейді Әсел Әшірбек.
Сондай-ақ, Қарағандыда инклюзивті бағыттағы екі клуб жұмыс істейді – «Үміт» және «Алау».
Балаларға арналған аула клубтарының толық тізімімен және мекенжайларымен сілтеме бойынша танысуға болады.
Қосымша ақпарат: (8-7212) 42-57-85.
Қарағанды облысы әкімдігі сайтының ақпараты негізінде