«Қарағанды облысының жария мүдделі ұйымдарының 2023 жылғы депозитарийге қаржылық есептілікті ұсынуы туралы ақпарат»
Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабына және «Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.12.2008 жылғы № 1228 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оған қаржылық есептілікті ұсынатын жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылды. Депозитарий деген жыл сайын ұйымдар ұсынатын жылдық қаржылық есептілік пен аудиторлық есептерді, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты пайдаланушыларға ашық қолжетімділікпен қамтитын электрондық деректер базасы (www.dfo.kz веб-сайты).
Заңның 1-бабына сәйкес жария мүдделі ұйымдар (бұдан әрі – ЖМҰ) ол, қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар (коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруші ұйымдарды қоспағанда) және жарғылық капиталында мемлекет үлесі бар ұйымдар сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар. Қарағанды облысында депозитарийдің деректер базасында 271 жария мүдделі ұйымдар бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.10.2011 жылғы № 1173 қаулысымен бекітілген Депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), жария мүдделі ұйымдар жыл сайын, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей депозитарийді жүргізетін уәкілетті ұйымға уәкілетті орган бекіткен тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
2024 жылы Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті депозитарийге жылдық қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін 21 жария мүдделі ұйым 11 814,4 мың теңге айыппұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың әрекеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 239 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады, яғни Ережеде белгіленген мерзімде уәкілетті ұйымға қаржылық есептілікті ұсынбау.
Қазіргі таңда 20 жария мүдделі ұйымнан 11 445,2 мың теңге айыппұл өндірілді.
Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жария мүдделі ұйымдар Уәкілетті ұйымға электрондық форматта аудиторлық есептіде ұсынады. Қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізуден жалтарғаны және депозитарийге аудиторлық есепті ұсынбағаны үшін 4 жария мүдделі ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 250 бабы бойынша 147,7 мың теңгеге айыппұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда 3 жария мүдделі ұйымнан 92,3 мың теңге айыппұл өндірілді.
Қарағанды облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
жетекші маман-мемлекеттік
аудитордың ассистенті
А.У. Абеуова