Қарағанды облысының ұландары Ұлттық ұланның 31-жылдығын тойлады

10 қаңтар күні Қарағанды облысында орналасқан Ұлттық ұланның 6505, 5451, 5516 әскери бөлімдеріндерінің аумағында Ұлттық ұлан құрамаларының құрылғанына 31 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға бөлім ардагерлері, қала әкімдігі, өзара әрекеттесетін ұйымдардың лауазымды тұлғалары шақырылды.

Әскери құрамның Мемлекеттік әнұранымен басталып, арнайы күнге әскери қызметтің алғыларына ІІМ орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботакановтың, Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбековтің және бөлім командирлерінің құқығымен әскерилер құрме грамоталарымен марапатталды.

Мадақтау бұйрығынан кейін, әскерилерге бөлімдер мен қала көркем өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.