Қарағанды облысының дарынды балаларға арналған мектептеріне құжаттар қабылдау жүргізілуде

Дарынды балаларға арналған мектептерге құжат тапсыруға болашақ бесінші және жетінші сынып оқушыларының ата-аналары шақырылады. Мұны онлайн форматта жасауға болады.

Қарағанды облысында жеті мамандандырылған мектеп-интернат, екі лицей-интернат және облыстық музыкалық мектеп-интернат бар.

Болашақ бесінші сынып оқушылары Қарағандыдағы бес мамандандырылған мектепке, Балқаштағы бір мектепке және Теміртаудағы бір оқу ордасына қабылданады.

Қарағандыда бұл Жамбыл атындағы ММЛИ, Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ, «Дарын» ММЛИ, «Мұрагер» ММЛИ, ақпараттық технологиялар ММЛИ; Балқашта – «Зияткер» МММ; Теміртауда – «Озат» МММ.

Аталған мектептердің біріне түсуге құжаттарды 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін www.qabyldau.daryn.kz сайтында тапсыруға болады.

Жетінші сыныптан бастап қабылдауды Қарағандыдағы «Білім-инновация» екі лицей-интернаты жүргізеді. Онлайн-тіркеу және құжаттарды қабылдау www.bilemtihan.kz сайтында 2025 жылдың 12 сәуіріне дейін жүргізіледі.

Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатқа түсу үшін құжаттарды осы жылдың 15 сәуіріне дейін www.e.bilimal.kz сайтына тапсыруға болады.

Дарынды балаларға арналған мектептерге қабылдау туралы қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: (8-7212) 41-22-88.

Қарағанды облысы әкімдігі сайтының ақпараты негізінде