Қарағанды облысында Жеңіс күніне арналған марш акциясы онлайн өтеді
Қарағанды облысында жыл сайынғы «Ер есімі – ел есінде» атты Жеңіс күніне арналған шеру онлайн-форматта өтеді. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Жыл сайынғы «Ер есімі-ел есінде» акциясы-маршына қатысу үшін өңір тұрғындары өздерінің жақындары – Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы ақпаратты batyrlargatagzym.el.kz арнайы интерактивті платформасында орналастыруы қажет.Ол үшін batyrlargatagzym.el.kz сілтемесі бойынша өтіп, «Ардагер туралы ақпаратты жіберу» түймесін басып, сауалнаманы толтыру керек. Егер бар болса, ардагердің суретін де орналастыруға болады.
9 мамыр құрметіне арналған шеру алғаш рет Қазақстанда онлайн-форматта карантиндік шектеулер кезінде басталды. Облыс тұрғындары акцияны қолдап, оған қатысты.