Қарағанды облысында туберкулездің өсуі байқалады

Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Сондай-ақ, аталмыш инфекция көп елдің, оның ішінде экономикалық дамыған елдердің тұрғындарына қауіп төндіруде. Басқа жұқпалы ауруларға қарағанда адам өміріне өте қауіпті. Тіпті, біраз уақытқа дейін емі жоқ аурулардың қатарында болды. Қазіргі уақытта міндетті вакцинопрофилактиканың енгізілуіне және туберкулезге қарсы бірқатар тиімді химиялық препараттардың арқасында бұл инфекциямен күресіп келеміз. Десек те, дәрігерлердің басым бөлігі аймағымызда туберкулезге шалдыққандар санының артып келетіндігін мойындайды. Салдарынан, эпидемиологиялық жағдай күрделеніп, ауруды емдеу процесінің созылуы байқалады.

Облыста 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында 2021 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 20,5 %-ға (100 мың тұрғынға 21,5) өскені байқалады, балалар арасында (0-ден 14 жасқа дейін) балалар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылғы деңгейде (2,1) қалды. Жасөспірімдер арасындағы сырқаттанушылық көрсеткіші ұқсас кезеңде 44,5%-ға (16,0) өсті.

2022 жылдың басынан бастап өткен кезеңде туберкулезбен сырқаттанушылықты тіркеудің өсуі 2020– 2021 жылдардағы пандемия кезеңінде анықталу деңгейінің төмендеуіне байланысты болды.

Эпидемиологиялық қолайсыздықты туберкулезден болатын өлімжітімнің жоғары көрсеткіші де растайды, бұл республикалық көрсеткіштен 1,9 есе (0,8) жоғары. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша облыста көрсеткіш өткен жылдың деңгейінде қалып, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 1,5-ті құрады.

Туберкулездің алдын алу жыл сайын диспансерлік бақылау және ауруды ерте сатысында анықтау болып табылады. Туберкулезді ерте кезеңде анықтау мақсатында ересектер мамандығына, денсаулық жағдайына және әртүрлі «қауіп-қатер топтарына» қатыстылығына байланысты жылына кемінде 1 рет емханада флюорографиялық тексеруден өтуі қажет.

Балалардағы туберкулездің алдын алу инфекцияның алдын алуға және аурудың дамуын болдырмауға бағытталған. Балалардағы туберкулез ауруының алдын алудың негізгі әдістері — бала өмірінің алғашқы 1–4 күнінде қарсы көрсетілімдер болмаған кезде ауруханада жүргізілетін БЦЖ вакцинациясы. БЦЖ вакцинасы адамның жалпы денсаулығы үшін қауіпті емес жергілікті туберкулез процесінің дамуын қамтамасыз ете отырып, тері ішіне енгізіледі. Нәтижесінде организм микробактерия туберкулезіне қарсы ерекше иммунитетті дамытады. Бұл дегеніміз, микробактериялармен кездескенде жақсы иммунитеті бар вакцинацияланған бала мүлдем жұқпайды немесе инфекцияны жеңіл түрде жұқтырады. Жас ерекшеліктеріне байланысты балалар ересектерге қарағанда бастапқы инфекция кезінде туберкулезбен ауырады.

Туберкулез симптомдарының көпшілігі спецификалық емес, мынадай симптомдар болған кезде туберкулездің барысына күдіктенуге болады:

  • қақырық бөлінетін жөтел немесе қан құстырар жөтел;
  • тез шаршағыштық және әлсіздіктің пайда болуы;
  • тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, салмақ жоғалту;
  • тершеңдік (әсіресе түнде);
  • температураның 37–37,5 градусқа дейін шамалы көтерілуі.

Жоғарыда аталған симптомдардың кем дегенде біреуін үш апта бойы сақтаған кезде шұғыл түрде терапевтпен кеңесу керек. Туберкулезге күдік туындаған жағдайда науқасқа флюорография, кеуде қуысының рентгені және қақырықты тексеру ұсынылады. Барлық күдікті жағдайларда пациент қосымша диагностика және емдеу үшін туберкулез диспансеріне жіберіледі.

Туберкулезден қорғану жолдары:

  • уақытылы флюорографиялық тексеруден өту;
  • балаларды туберкулезге қарсы егу;
  • жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау;
  • тиімді тамақтану, сүт және ет өнімдерін, көкөністер мен жемістерді жеу;
  • бөлмені үнемі желдетіп, таза ауада көбірек болыңыз;
  • жаман әдеттерден (темекі шегу, алкоголь және есірткі қолдану) бас тарту.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіздер!

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті