ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ИТТЕРДІ АЯУСЫЗ АТҚАН АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Қарағанды облысында иттерді аяусыз атқан Сәтбаев қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

Естеріңізге сала кетейік, Сәтбаев қаласында әлдекім түн жарымында хайуанаттарды қорғау орталығындағы 5 бірдей итті атып кеткен болатын. Таңертең олардың денесін тұрғындар тауып алды. Иесі иттерді асырауға арналған бұл орынды саяжай ішінен жергілікті волонтерлер ашқан болатын. Мұнда бас аяғы 28 иесіз ит бар.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы: – Күдіктінің айтуы бойынша, белгісіз біреу қоғамға қауіп төндіретін қаңғыбас иттерді атып беруін өтінген. Ұсталған азамат ешкімді құлақтандырмай, аталған өтінішті орындаған. Аталған факті бойынша бүгінгі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 316 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес күдіктіге 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.