Қарағанды облысында Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілуде
Қарағанды облысының қалалары мен аудандары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындалуда. Дайындық аясында мерейтойға арналған тақырыптық көрнекі материалдар орналастырылуда.

LED-экрандар мен медиабордтарда мерекелік бейнелер көрсетіліп, аялдамалар безендірілуде. Материалдар Тәуелсіздікке, халық бірлігіне және Қазақстанның тәуелсіз даму жылдарындағы жетістіктеріне арналған.

Мерекелік безендіру Тәуелсіздіктің мемлекеттілігіміздің негізі әрі барша қазақстандықтардың ортақ құндылығы екенін айшықтайды. Өңірде көрнекі материалдарды орналастыру жұмыстары жалғасуда.

16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл еліміздің тәуелсіздігін жариялағанына 35 жыл толады.
Қарағанды облысында Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілуде
