Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында «Қарағанды облысында төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 11 маусымда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы «Қарағанды облысындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, оған тексеру комиссиясының, мемлекеттік аудит объектісінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тексеру комиссиясының мүшесі Еркебұлан Ержанұлы сөз сөйлеп, төтенше жағдайлар департаментінің қызметі жалпы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға ден қоюға бағытталғанын, алайда қаралып отырған салада қосымша басқару және ұйымдастыру шараларын қабылдауды талап ететін бірқатар жүйелі проблемалар сақталатынын атап өтті.
Жалпы, өңірдегі төтенше жағдайлардың динамикасы тұрақсыздықпен сипатталады. Олардың саны 2024 жылы 18,1% — ға төмендегеніне қарамастан, 2025 жылы 63,2%-ға — 630-дан 1 028 жағдайға дейін айтарлықтай өсім байқалды. Бұл ретте төтенше жағдайлардың негізгі үлесі олардың жалпы санының 95,8%-құрайтын техногендік сипаттағы оқиғаларға тиесілі, бұл Қарағанды облысының өнеркәсіптік ерекшелігіне, қауіптілігі жоғары кәсіпорындар мен объектілердің едәуір санының болуына байланысты.
Төтенше жағдайлардың жалпы санының өсуімен бір мезгілде төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар санының төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалады.
Аудит азаматтық қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық құралдармен және тиісті инфрақұрылыммен жеткіліксіз қамтамасыз етілуін анықтады. Өрт депосымен қамтамасыз ету 81,6%, құтқару станцияларымен – 85,7%, материалдық-техникалық құралдармен – 70,6%, ал халықты хабардар ету құралдарымен – 20,2% ғана құрайды. Инфрақұрылым мен жабдықтың сақталып отырған тапшылығы төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін шектейді және өңірдің азаматтық қорғау жүйесінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуды талап етеді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері 21 340,7 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтарды және 13 417,6 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының 34 758,3 мың теңге сомасындағы бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтады.
Соңында қатысушылар ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, азаматтық қорғау саласындағы мәселелерді талқылады.

