Қарағанды гарнизонының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық жиналыстың отырысы өткізілді

2022 жылғы 22 қазанда Орталық аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмәділовтің бастамасымен Қарағанды облысының Қорғаныс істер департаментінің ғимаратында Қарағанды гарнизонының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық жиналыстың отырысы өткізілді.

Жиналысқа ҚР Ұлттық ұланының«Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Шекарбеков Сәкентай Амантайұлы мен «Астана» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Жазықбаев Шайх-Хасан Саттарқұлұлы, қылмысты қудалау органдарының басшылары мен Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның және Шекара қызметінің әскери бөлімдерінің командирлері қатысты.

Отырыста ведомствоаралық жиналыстың жаңа құрамы бекітілді, алдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуі кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ гарнизондағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.

Жиналыс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Іс-шара соңында өңірдің әскери прокуроры Данияр Жұмәділов әскерилерді келе жатқан Республика күнімен құттықтап, өзара бірлесіп атқарылатын жұмыс жолында үлкен жетістіктер мен сәтті бастаулар тіледі.