Қарағанды қаласында «Ten Qogam» әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды

2.12.2022 жылы мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында Қарағанды қаласында «Ten Qogam» әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек, қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Ашылу барысында министр Д.Қыдырәлі мен Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек орталықтың қызметімен танысып, орталықтың жұмысына табыс тілеп,ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау шаралары жалғасатынын атап өтті.


Айта кету керек, бұл жоба мүгедек адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздікке құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді. Орталықта мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасыларына фронт-офис режимінде психологиялық көмек, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды оқыту, әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс, ОТҚ пайдалану көрсетіледі, тренингтер, семинарлар, вебинарлар, экскурсиялар және т. б. өткізіледі. Жоба 3 жыл ішінде іске асырылатын болады, үйлестіруші-«Qamqor plus» МҚБ,Нияз Аделович Сундиталиев.
Орталықтың штат саны-12 адам. Жылына бұл орталық 300-ге дейін мүгедек адамды қабылдайды.