Қарағанды қаласы «Заң керуені» акциясы басталды
Аудан прокуратурасымен Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан аудан аумағында (Майқұдық, Сұрыптау, Пришахтинск) «Заң керуені» акциясы басталды, ол ағымдағы жылдың 2 қарашасына дейін жалғасады.
Акцияны өткізудің мақсаты-халыққа жергілікті жерде жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру
Акция жұмысына уәкілетті және құқық қорғау органдарының басшылары мен мамандары (полиция, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б.) қатысуда
Халықпен кездесу форматы қала тұрғындарының жүйелі түрде проблемаларын шешуге көмек көрсетуді көздейді.
Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету бойынша бірнеше проблемалық мәселелер шешілді, жұмыспен қамту бөлімі кейбір отбасыларға АӘК рәсімдеді, жұмыссыздарды жұмыспен қамту орталығымен жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жолдамалар берілді, азаматтардың банктік шоттарынан ЖСО мерзімінен бұрын салынған тыйымдар алынды, пәтерді рәсімдеуге және т. б. көмек көрсетілді.