Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Бос орындар жәрмеңкесіне шақырады!

«Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ сіздерді Бос орындар жәрмеңкесіне шақырады!

Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Жәрмеңкеге кім қатыса алады:
• жұмыс іздеп жүрген азаматтар;
• жоғары және орта оқу орындары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздар;
• бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың санаттары;
• пробация қызметінде есепте тұрған;
• мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;
• • «Күміс жас» жобасына қатысатын зейнеткерлік жасқа дейін 2 жыл толмаған азаматтар.

Жәрмеңке 22 қазан күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Космонавтов даңғылы, 1В мекенжайындағы «Таир» сауда орталығында өтеді.
☎️Байланыс телефоны: 996-397, 996-393
Whatsapp: 8 (775) 644-35-80