Қарағандыға отан алдындағы борышын өтеу үшін 400-ден астам жас жауынгерлер келді
Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөліміне 400 астам жас жауынгерлер келді. Отан алдындағы борыншын және азаматтық міндеттерін орындау жолында болашақ сарбаздардың алдында екі айлық дайындық курсын өту жоспарланған.
Дайындық курсында оларға саптық, атыс, тактика сабақтары бойынша уқыттар бөлініп арнайы сабақтар өткізіледі, онымен қатар киім үлгісін дайындау, әскери бөлімнің күн тәртәбіне сай тамақтану, кезекшілікке түсу машықталады. Дайындық курсы өткеннен соң, әскери ант қабылдау рәсімі күтілуде.
Айта кетерлік, аталмыш 6505 әскери бөлімі жауынгерлік тарихы жолында көптеген белестерді бағындырып, Ұлттық ұлан құрамалары арасында үлгілі да қызметтік көлемі жағынан ең үлкен болып саналады.
ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі