Аналар күніне арналған кездесу

Бүгін елімізде Аналар күні атап өтілуде. Осы мерекелік күнге орай Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Moms talk» дискуссиялық клубының бірінші отырысы ұйымдастырылды.

⚜Алғашқы отырыс «Ана өнегесі — ұрпаққа ұлағат»тақырыбында қаламыздағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы мүшелерінің және жастардың қатысуымен өтті.

Отырыс аясында ақжаулықты аналар ақыл-кеңестерімен бөлісіп, өнегелерімен жастарды жігерлендірді. Жастар да өз тарапынан қызығушылық танытқан сұрақтарын қоя отырып, ойларын ортаға салды. Осылайша, алдыңғы буын мен жас толқын арасында ашық, өнегелі әңгіме өрбіген кездесу Аналар күні мерекесінің маңызын айшықтай түсті