Аналар күні!
Биыл елімізде алғаш рет Аналар күні тойланды. 2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет аталып өтті. Бұл күн 2023 жылдың жазында бекітілді. Бұған дейін Аналар күні қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланатын.
Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елінде тойланады. Олардың қатарында Түркия, АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Жапония, Бразилия және Аустралия бар. Ал өзге елдер бұл мерекені басқа күні атап өтеді.
Бұл – анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында аталып өтетін маңызды мереке. Аналарды қорғау – мемлекет саясатының басты міндеттерінің бірі. Жас ұрпақты тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында жер-жерде аналар кеңесі жұмыс істейді. Жалпы, Аналар күнін мерекелеу ананың қоғамдағы рөлін арттыруға, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға бағытталады.
Аяулы аналарға – шексіз алғыс! Аналардың жанкешті махаббаты мен төзімділігі – өміріміздің негізі. Бүгін біз сіздерге көл-көсір алғыс айтамыз. Сіздерге денсаулық, бақыт және әрдайым сүйікті болуларыңызды тілейміз!