Амантай ХАСЕНОВ: «Сайлаудың маңызы жәшікке қағаз салу ғана емес»

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кезектен тыс Президенттік сайлау өткізуді ұсынды. Әділетті Қазақстан құру жолында түбегейлі және жан¬-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халыққа сенім мандаты қажет екенін атап өтті. Саяси науқан туралы Қарқаралы ауданы әкімдігі Жастар ресурстық орталығына қарасты конфессияаралық қатынастар мәселелерін талдау¬-зерттеу секторының меңгерушісі Амантай ХАСЕНОВТІҢ пікірін ортаға салсақ…


– Амантай Мұратұлы, қазіргі жағдайды геосая¬си ахуалға байланысты қарастыратын болсақ, Пре¬зидент өкілеттігін 7 жылға ұзарту дұрыс шешім деп ойлайсыз ба?
– Бұл – өте батыл қадам. Елдің бүкіл жауапкершілігін бір кісінің қолына берген дұрыс. Әрі қоғамдағы геосаяси ахуалды назарға алатын болсақ, тұрақтылық негізгі мақсат болуы қажет. Ал, еліміздегі тұрақтылық Президенттің 7 жылдық өкілеттігінде жатыр. Мәселен, Президентті бір рет сайлау тәжірибесі Израиль, Мексика елдерінде бар. Демек Президентті бір рет сайлаудың тиімділігі жоғары, ол республиканың даму стратегиясына оң әсерін тигізеді. Бұл – елдің демократиялық жаңаруының символы. Бұл – суперпрезиденттік басқару жүйесінен түбегейлі арылуға жол ашатын саяси үрдіс. Бұл сайлаудың бір ерекшелігі жариялылығында, әрі президенттікке үміткерлердің қарасы да қалың болуы заңдылық. Елімізде білімді, көзі ашық, ұлтжанды азаматтар бар. Мәселе, билік басына ұмтылуда емес, саяси салмақта. Президент өкілеттігінің мерзімін ұзартып, бір-ақ рет қана сайлануды ұсынуының астарында өткен тарих пен келер болашақ алдындағы зор жауапкершілік жатыр.
– Ел бұл сайлаудан бүкіл саяси жүйенің түбегейлі өзгеретінінен үмітті. Нәтижесінде, экономика тұрақты дамып, халықтың әл¬-ауқаты артып, тұрмыс сапасы жақсаратын серпінді жобалар жүзеге асады деп топшылауда. Сіздің ойыңыз қандай?
– Әлем назарынан бөлек, тұрғындарға сенім ұялатып отырған сайлау отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өтетініне сенемін. Егер Президент өкілеттігі 7 жыл болса, ол халыққа берген уәдесін тиімді әрі дер кезінде орындауға ұмтылады. Себебі, екінші мүмкіндік жоқ және 7 жылда ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға болады. Сайлаудың маңызы жәшікке қағаз салу ғана емес. Әр сайлаудан кейін өзгерістердің де болатыны анық. Біз өз тағдырымыз үшін еліміздің ертеңі, береке-бірлігі, халқымыздың бақуатты тірлігі үшін дауыс береміз. Ел бүтіндігі, қарыштап дамуы, әлем алдындағы беделі, ізгі бастамалардың жүзеге асуы үшін дауыс беру азаматтық парызымыз. Әрқайсымыз Қазақстан атты алып шаңырақтың бір-бір уығымыз.
– Жалпы, саяси науқан ел тұрақтылығының кепілі ретінде жүзеге аспақ. Әлемде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне және дамуына қандай да бір қауіп¬қатерлер болса, солардың қатарында діни экстремизм мен терроризм тұр…
– Әрине, бұл – өте күрделі мәселе. Сырт мемлекеттерде болып жатқан жағдайлардан сабақ алатын уақыт жеткен сияқты. Дін мемлекеттен ажыратылғанымен, заңды түрде ретке келтіріліп отырады. Осы орайда, ел тұрақтылығын сақтауда маңызды мәселелер алдағы уақытта жүзеге асады деген ойдамын.