«Алтын сақа» жобасы
Қаңтар айында Жол картасына сәйкес «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында «Алтын сақа» бөбекжайында «Асық ойна, балақай» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Қарағанды қаласы ББ ММ-ның мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бөлімінің әдіскері Құралай Амангелді ашып берді. Бұл семинар «Алтын сақа» жобасының аясында 4 бөбекжайдың бірлесуімен ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – «Алтын сақа» жобасы аясында балалардың асық ойындары арқылы баланың сыни тұрғыда қабілеттерін дамытуға арналған сан түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісу негізделген болатын.
Семинарға Қарағанды қаласынан 42 мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері қатысты. Семинар барысы «Алтын сақа» ертегісі желісі бойынша, сақаның бөліктерін табу арқылы жүзеге асырылды. Қатысушы педагогтар семинар соңында ұйымдастырылған шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын бағалап, өздерінің қоржындарына көп нәрсе алған әсерлерімен бөлісіп ризашылықтарын білдірді.
Б.С.АБДРАСИЛОВА,
«Алтын сақа» бөбекжайының
директоры
Ж.Р.СЕКСЕНАЛИНА,
бөбекжай әдіскері