«Алғашқы әскери даярлық» қайта қаралмақ

Елімізде алғашқы әскери даярлық оқу бағдарламасы қайта қаралып, пән мәртебесін көтеру іс-шаралары қолға алынады.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқыту жүктемесі ретінде 10-сыныпта аптасына 1 сағат, ал оқу жылында 34 сағат болып бекітілген. 11-сыныпта да осындай жүктеме ескерілген. Практикалық дағдыларын дамыту мақсатында 10-сынып оқушылары үшін оқу жылының аяғында бес күндік далалық оқу-жаттығу өтеді.

Сонымен қатар алғашқы әскери даярлық кабинетін материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында Оқу-ағарту министрлігі бұйрығына өзгерту енгізілген. Осы орайда әскери даярлық кабинеттерін оқыту материалдарымен қамтамасыз ету ескерілген.

Аружан АЛПЫСБАЙ