Ағылшын тілі сағаты артады

2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаты көбейтіледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Multi-Ethnic Group of Children and English Concept

– Президент жаратылыстану-математика цикліндегі және тілдік пәндерге басымдық беру туралы тапсырма берді. Математика, физика, химия, биология пәндерін оқыту сағаттарын ұлғайту мәселесі қарастырылып отыр, – деді еліміздің бас мұғалімі.

Министрдің айтуынша, оқу бағдарламалары да жаңартылатын болады. Халықаралық тәжірибеге орай 2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын көбейту, қазақ және орыс тілдерін меңгеруге қажет оқу жүктемесін қамтамасыз ету шаралары қабылданады.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА