Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік сізге жүктеледі
Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері! Естеріңізге саламыз! Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік сізге жүктеледі.
Күн сайын балаңызға жол ережелері туралы ескертіңіз:
Ересектерсіз жолға шығуға болмайды, егер ересек адаммен бірге келе жатсаңыз қолыңызды босатпаңыз, тротуардан шықпаңыз.
Көшеде жай қадаммен, асықпай тротуардың оң жағымен жүру керек.
Жолдан өтер кезде жаяу жүргіншілер тротуарынан бағдаршамның жасыл сигналына барлық көліктердің тоқтағанына көз жеткізіңіз.
Жүріс бөлігі тек көлік құралдарына арналған.
Қоғамдық көлікте қолыңызды немесе қандай да бір заттарды терезеден шығаруға болмайды.
Табиғатқа шыққан кезде мынаны есте сақтаңыз:
Жазғы уақыттағы жорықтар, серуендер мен экскурсиялар кезінде балалардың шомылуына шырмауықтан, балдырлардан және тұнбадан таза, таяз ыңғайлы жер таңдалуы керек.
Су айдындарына ересектер тарапынан қараусыз балаларды жіберуге болмайды.
Шомылып жатқан баланы үздіксіз бақылау керек.
Шомылу кезінде балалардың суға секіруіне және қоршау таяныштарынан немесе жағадан суға сүңгуіне тыйым салу қажет.
Балалардың суда ойнауына жол бермеу керек.
Егер сіз балалармен қонаққа барсаңыз немесе қонақтар келген болса:
Сіздің балаңыз әрқашан ересектердің назарында болуы керек.
Балаларға арналған ойын алаңын зерттеңіз, бұл орынды қауіпті заттардан (өткір, кескіш, сіріңке, токқа қосылған заттар және т. б. босатыңыз.).
Балалар ас үйде, ыстық қазандықтардың жанында, ашық терезелер мен балкондардың жанында ойнап жүрмегеніне көз жеткізіңіз.
Егер балалардың ойын алаңы жолдың жүру бөлігіне жақын болса, балаларға өте мұқият болыңыздар.