ОСК мүшелері қоғам белсенділерімен кездесті

Халық сайлаған ең жас ауыл әкімі Қарағанды облысында тұрады. Ең алғашқы аудандық маңызы бар қала әкімін сайлау да Қарағанды облысына қарасты Абай қаласында өткен. Сондықтан кеншілер астанасы сайлау жүйесіндегі реформалардың сәтті бастауы іспеттес. Сайлау реформасын кеңінен талқылаған комиссия өкілдері алдағы уақытта ел арасынан шыққан белсенділерге басымдық берілетінін айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрлан Әбдіров, ОСК төрағасы:

– Парламентте ұсыныс бойынша мандаттардың 70%-і партиялық мандатпен қалыптасатын болса, 30 пайызы можоритарлық жүйемен, былайша айтқанда жеке тұлғалардың соларға басымдық беріледі.

Саяси жүйені реформалау тек мұнымен тәмәм емес. Облыстық мәслихаттарда мандаттарді тіркеу процесі 50 де 50 қағидасымен қалыптасатын болса, аудандық мәслихаттарда партиялық тізім  болмайды. Былайша айтқанда мұндағы мандаттың  барлығы жеке тұлғаларға беріледі. Осылайша төменнен бастап, көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауатты, елге пайдасы бар азаматтарды іріктеп алуға мүмкіндік туады.

Хадиша Оспанова, облыстық Мәслихат депутаты:

– Саяси реформаларды жүргізуде бірінші кезекте конститутция негіз болып отыр. Қазіргі саяси жүйеде партяларды трансформациялау баршасына тең мүмкіндік беруге басымдық беріліп келеді. Кешегі съезде ел Президентінің партия төрағалығынан кетуі өзге саяси ұйымдарға сайлау жүйесінде тең түрде саяси додаға түсуге мүмкіндік береді.

Сайлау жүйесін жетілдіру – «Жаңа Қазақстан» идеясының ең маңызды принциптерінің бірі.  Демократиялық қоғамда халық өз басшысын өзі сайлауы тиіс. Елде соңғы уақытта басталған ауқымды реформалар осының айқын көрінісі дейді шараға жиналғандар.