Жаңа Қазақстан: этносаралық саясат және мәдениаралық диалог

Газетіміздің кезекті кейіпкері Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Әйгерім Исбекова.

— Әйгерім Әуезқызы, қаламыздағы «Достық үйінің» жұмыс қарқыны қандай?

— Еліміздегі түрлі кезеңдердегі тарихи процесстер (индустриаландыру, сталиндік депортация, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өнеркәсіптерді жұмысшыларымен қоса эвакуациялау, тың игеру т. б. процесстер) аймағымыздың көпұлтты сипатын қалыптастырғанын білесіздер.

— Әйгерім Әуезқызы, қаламыздағы «Достық үйінің» жұмыс қарқыны қандай? — Еліміздегі түрлі кезеңдердегі тарихи процесстер (индустриаландыру, сталиндік депортация, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өнеркәсіптерді жұмысшыларымен қоса эвакуациялау, тың игеру т. б. процесстер) аймағымыздың көпұлтты сипатын қалыптастырғанын білесіздер.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысын 100 ден аса этнос өкілдері мекендейді. (Осакаров ауданында 65,9 %, Абай ауданында 59,5 %, Саран қаласында 77,8 %, Шахтинск қ. 72,6 %, Приозёрскіде 46,7 %, Теміртауда 65 % т. б.)

Облыстық ҚХА жұмысы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және датыту Тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым- Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары негізінде әзірленген кешенді жоспар арқылы жүзеге асуда.

2015 жылдын бері есігін айқара ашқан Қарағанды қаласының Достық үйі барлық азаматтық қоғам институттарымен жұмыс істейді. Іс-шараларымызға ҮЕҰ қатар барлық мемлекеттік органдар тартылған. Достық үйінде 120 орындық Атриум залы, 420 орындық концерт залы, 80 орындық конференц-зал, әдістемелік кабинет, музей, хореографиялық зал, 2 лингафон кабинеты, оқу класстары, Мәмле клубы, Белсенді өмір орталығы жұмыс істейді.

Облыстық Ассaмблея құрамында 78 этнoмәдени бірлeстік, 216 Қоғамдық келісім кеңесі, 189 Аналар кеңестері, Ғылыми- сараптамалық топ, Журналистер мен сарапшылар клубы, Қайырымгерлер мен меценаттар клубы, «Ассамблея жастары» ұйымы, ҚХА кәсіпкерлері қауымдастығы, «Aibyn- Arqa» әскери- патриоттық клубы, «Еріктілер лигасы» ұйымы жұмыс атқарып келеді. Сонымен қатар облысымызда 4 жоғарғы оқу орындарда Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы жұмыс жасайды. — Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы; Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы; Қарағанды техникалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және саяси- гуманитарлық пәндер кафедрасы; Қарағанды индустриалдық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және саяси- гуманитарлық пәндер кафедрасы.

Қоғамдық келісім мекемесі этносаралық саясатты Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану», «Мың бала», «Ұлы дала елі», «Бейбітшілік пен келісім жолымен», «Медиация институтын дамыту» сияқты негізгі жобалары арқылы жүзеге асыруда.

— 2021 жыл еліміз үшін айтулы мерейтойларға толы болды. Ал өткен жылы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бастамасымен қандай ісшаралар ұйымдастырылды?

— 2021 жылы облысымызда 2000 нан астам тағлымдық, тәрбиелік, ақпараттық — насихаттық іс-шаралары өтті

Жұмыс негізіне келесі принциптер басшылыққа алынған.

  1. Мемлекет пен азаматтар арасындағы сенім мен өзара іс-қимылға негізделген қазақстандық патриотизм қағидаты;
  2. Азаматтық теңдік қағидаты;
  3. Мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлінің қағидаты;
  4. Интеркультурализм қағидатымен іс жүзінде белсенді түрде толықтырылатын «Әралуандықтағы бірлік» қағидаты.

— «Қоғамдық келісім» КММ-нің жұмыс ауқымы кең екенін білеміз. Облыстық «Достық үйінің» құрамына қандай ұйымдар мен кеңестер кіреді?

— ҚХА құрылымдарына нақты тоқталып кетсек:

Әр аудан, әр қалада Қоғамдық келісім кеңестері 216 жұмыс істейді. Олардың құрамында мемлекеттік органдар, «Nur Otan» партиясы, ҮЕҰ, Аналар кеңестері, Ғылыми- сараптамалық тобы, Журналистер, медиаторлар клубы, кәсіподақтар, Ардагерлер кеңестері, дін басылары және басқа да қоғам қайраткерлері бар.

Қоғамдық келісім жергілікті қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, қайырымдылық шараларын үйлестіріп, ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік органдардың халықпен тиімді кері байланыс тетіктерін енгізу» арнайы жобасын іске асыру бойынша бірталай жұмыстар жүргізді.

Қоғамдық келісім кеңестеріне жүгінген тұрғындардың басым бөлігінің өтініштері көп балалы отбасылар мен мүгедектерді, балалар үйінің тәрбиеленушілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және көп балалы, аз қамтылған, жас отбасыларға материалдық, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін қамтыды.

ҚХА құрылымдары бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Отбасы институтын нығайту мақсатында облысымызда 189 Аналар кеңестері жұмыс атқаруда.

2021 жылы шілде айынан бері кеңестің төрайымы болып, Ұлттық Қоғамдық Сенім кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, журналист, көпбалалы ана, «Шаңырақ» көпбалалы аналарды қолдау орталығының басшысы Ләззат Қожахмет тағайындалды.

— Өте жақсы! Аналар кеңесі нақты қай бағытта қызмет атқарады? Толығырақ тоқталып өтсеңіз.

— Облысымызда Аналар кеңесінің жұмысы Республикалық аналар кеңесі төрайымы Нәзипа Ыдырысқызы Шанаи ұсынған «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» тұжырымдамасының негізінде жүзеге асуда. Бұл тұжырымдама негізінде 1. Мемлекеттің, халықтың тілін білетін, салтдәстүрін сақтаған, тарихынан хабардар толыққанды мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу; 2. Толерантты тұлға қалыптастыру; 3. Жастарға дұрыс кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс атқаруда. 2021 жылы облыстық Аналар кеңесі «Отбасы — тұлғаның рухани — адамгершілік тәрбиесінің негізі» атты айдармен жас отбасыларға, көп балалы аналарға, студент жастарға арналған 20 кездесу (семинар тренинг) өткізді. Спикерлер ата-анаға құрмет, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдағы өзекті мәселе — тұрмыстық зорлық- зомбылық және оның алдын-алу, ұлтаралық келісім, толеранттылық тақырыптарына дәрістер, пікірталас, әңгімелер жүргізді. Ассамблея мүшелері Молотов — Лучанский В. Б., Алтынбеков Б. Қ., ардагер аналар К. Төлеуханқызы, В. Исина, М. Фатеева, М. Башай т. б.

Тәрбие — тал бесіктен деген қағиданы ұсатана отырып Аналар кеңесі облыстағы Балалар үйлері, мектеп, колледж, ЖОО тығыз байланыста жұмыс істеуде. Әр аудан, қалада «Ата-анаға құрмет», «Бабалар салған сара жол», «Қызға қырық үйден тию», «Қыз қылығымен», «Ер азамат — болашақ жар, ертеңгі әке!» т. б. тақырыптарда 170 тен астам лекторийлер, сұхбаттар, диалог алаңдары өтті.

Облыстық ҚХА «Құлыншақ», «Пионерский», «Таңшолпан» балалар үйімен, «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп- интернаты» КММ мен жүйелі түрде жұмыс жүруде. 2021 жылы 50-ге жуық қайырымдылық акциялары, интеллектуалды, тағлымды іс-шаралар өтті. Облысымыздағы туа біткен науқасы бар балалардың, арнайы мектеп- интернаттарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің шығармашылығын дамыту мен қолдау мақсатында өткен «Ақ желкен» жобасына 2021 жылы 11 білім беру мекемелері, 217 үміткер қатысып, 180 шығармашылық жұмыс қабылданды. Нәтижесінде барлық қатысушыға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Сонымен қатар облыстық Аналар кеңесі «Астана», «Орталық» әскери қолбасшылығымен бірлесе жұмыс жүргізуде. Бұл жерде ардагер М. Фатеева, Күліш Төлеуханқызын ерекше атап айтқым келеді. 2021 жылы Аналар кеңесі жас сарбаздармен Отан, Отбасы, Отанқорғау, Жауапкершілік, Міндет, Достық тақырыптарында 40-тан астам тақырыптық кездесулер өткізді.

Сонымен қатар Аналар кеңесі көпбалалы аналарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, бизнес ашу жұмыспен қамту мәселелерін түсіндірі, ақпараттандыру мақсатында әр тоқсан сайын семинар- тренингтер ұйымдастыруда.

Осы мақсатпен «Social trust» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі» жобасы жүзеге асты. Әр аудан қалалардан 70-ке жуық көпбалалы ана бизнестің машықтарын меңгерген коучтерден теориялық және практикалық сабақ алып, бизнес- жоспарлауды және өндірістік шеберханаларды құруды үйренді.

Аналар кеңесі облыстың аудандарында (Қарқаралы, Шет, Сатпаев) кездесулер ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар туралы айтылып, Мемлекет басшысының бағдарламалары түсіндірілді.

— Мекеменің құрамында қандай клубтар мен ұйымдар бар? Осы уақытқа дейін қандай жетістіктері мен нәтижелері бар?

— Ғылыми- сараптамалық тобының құрамына — қазақстандық қоғамның этносаралық қатынастар саласын зерттеумен айналысатын Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының саясаттанушылары, тарихшылары, философтары, әлеуметтанушылары, заңгерлері, филологтары, облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары бар 20 мүше кіреді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми- ағарту жобасы аясында 2021 жылы Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, ағартушы — Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Ә. Бөкейхановтың 155 жылдығы, Әлімхан Ермековтің 130 жылдығы, Жақып Ақбаевтың 145 жылдығына орай іс-шаралар өтті. «Алаш Орда мемлекеті және Тәуелсіз Қазақстан» атты байқаулар жүзеге асырылды.

Биыл да Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына байланысты конференциялар, дөңгелек столдар, интеллектуалды конкурстар т. б. маңызды іс-шаралар жоспарланған.

Сондай-ақ, саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, жыл сайын өңірімізде «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» жобасы жүзеге асуда. 2021 жылдан бастап, ҚР Президентінің «Саяси қуғын- сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығына байланысты Қарағанды облысында арнайы коммиссия құрылды. Құрамына 21 адам енген 7 жұмыс тобы облыс архивтерінде зерттеу жұмыстарын жасауда. Нәтижесінде 1000-нан астам ақталмаған посткеңестік республикалардың азаматтарының құжаттары табылды. Ашаршылық жылдарында болған бізге беймәлім көтерілістер туралы мәліметтер ашылды. Биылғы жылы бұл жұмыс жалғасуда. Біз осы архив материалдарын қолданып жинақ шығаруды жоспарлап отырмыз.

Этносаралық тақырып бойынша журналистік этика қағидаттарын ҚХА Журналистер және сарапшылар клубы жүзеге асырады.

Клуб құрамында республикалық, облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі БАҚ-тың 22 өкілі, оның ішінде блогерлер мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері бар.

Клуб жылына бір рет БАҚ өкілдеріне арналған облыстық байқауын өткізеді. Оның жеңімпаздары 5 жыл қатарынан республикалық кезеңде үздіктер қатарынан көрінді. 2021 жылы «Сарыарқа» телеарнасының шеф-редакторы Виталий Несіпбаевтың Шешенстан Республикасы азаматтарының қазақ елі жайлы баяндауының желісі бойынша түсірген «Большой регион» бағдарламасы республикалық «Шаңырақ» байқауында жүлделі 2 орын иеленді.

Клуб жұмысының «Құтты мекен» жобасын атап айтсам. Тағдырлары сталиндік депортация жылдары Қазақстанмен ұштасып, осы жерде өсіп- -өнген этнос ұрпақтарының тұрмыстіршілігін, олардың еліміздің өркендеуіне қосқан үлесін көрсетуді мақсат еткен тележоба 5 — Жаңаарқа, Қарқаралы, Шет, Бұқар жырау және Ұлытау аудандарын қамтыды. Фильмдер әлеуметтік желілерде жақсы пікірлерге ие болып, тіпті шет елде тұратын бұрынғы қазақстандықтардың тарапынан қызығушылық туғызды.

Бүгінгі таңда ҚХА Қайырымгерлер мен тәлімгерлер клубына үлкен мән беріледі. Облыстық клубтың құрамына 23 қайырымгер мен меценат кіреді. Облыс бойынша қайырымдылық жасаушылар қатарынан 185 адам қатысуда.

Әр өңірде қайырымдылық жасаушылар балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне, көпбалалы отбасыларға материалдық көмек көрсетуде. Бірнеше рет ұйымдастырылған «Қайырымдылық керуені» шарасының көшін бастап, қаншама отбасыға, ондаған жас маманға жүрек жылуын сыйлаған Ассамблея қайырымгерлерінің ізгі істері — көпке үлгі боларлық. «Мектепке жол», «Балаларға базарлық» ациялары аясында тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты аналарға Клуб мүшесі, «Ютария лтд» компаниясының басшысы Сәуле Шәуенова, «Литуаника» литва этномәдени бірлестігінің төрағасы Виталий Тварионас, меценаттар Меруерт Бақбергенова, Бекзат Алтынбеков, Мердан Атамұрат көмек көрсетуде. Бұдан бөлек, Намус әзірбайжан, Джорджия грузин, Эребуни армян, Ватан түркімен, Умырзая татар- башқұрт, кәріс, тәжік этномәдени бірлестіктері де мерекелер сайын қайырымдылық шараларын өткізеді. 2021 жылы 5531 мұқтаж жанға 82 млн. 608 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Коронавирус пандемиясы кезінде меценаттар 35 млн. теңге көлемінде көмек көрсетті. Сондай-ақ, Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде 12 млн. теңге сомасындаа қаржылай көмек аударып, 2 т. азықтүлік жіберді.

2018 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қозғалысының өңірлік ұйымы белсенді жұмыс атқаруда. 2022 жылы Республикалық «Ассамблея жастары» ұйымы құрылды. Облыстық «Ассамблея жастарын» ұйымының жұмысын қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі, «Дакия» румын ЭМБ өкілі Урмашев Александр Николаевич басшылық етуде.

2020–2021 жылдары жастардың қатысуымен 3 000-нан астам адам қамтылған 25 іс-шара өткізіліп, 30 бейнеролик және 72 жарияланым жарық көрді. Тоқсан сайын «Өмір тамшысы» қан тапсыру акциясына белсене қатысады.

Достық үйінде «Aibyn- Arqa» әскери- патриоттық клубының қызметі жүзеге асырылуда. Клуб жастарды адамгершілік және әскери- патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды, олардың ішінде: танымдық сағаттар, кездесулер, экскурсиялар, жарыстар өткізеді.

Бұқар жырларын орындайтын ерекше таланттарды анықтап, қолдау көрсету, жырау шығармаларына жас ұрпақтың қызығушылығын арттыру негізгі мақсат. Сондай ақ, қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, құндылықтарын, жыршы- жыраулық дәстүрді жаңғырту. Атап кетейік, этномәдени бірлестік өкілдері жылданжылға жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, саны артып келеді. Аталмыш жобаның этностарға арналған арнайы номинацияларына былтырғы жылы 150 ге тарта өтінім түсіп, 8-і жеңімпаз атанды. Шахтинск, Абай, Саран, Осакаров аудандарының ЭМБ ерекше атап айтқымыз келеді.

— Керемет! Әйгерім Әуезқызы, биылғы жылға қандай жоспарларыңыз бар?

— Биылғы жыл халқымыздың айтулы тұлғаларының мерейлі даталарына толы. Өз еліміздің тарихын тану арқылы ғана тәуелсіздігіміздің қадіріне жете аламыз. Биыл облыстық Ассамблея Ахмет Байтұрсынұлының 150, Мұхтар Әуезовтің 125, Ғабиден Мұстафиннің 120, Ғабит Мүсіреповтың 120, Кеңес Одағының батырлары Талғат Бигелдиновтың, Мәншүк Мәметованың және Хиуаз Доспанованың 100 жылдықтарына, сондай ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған маңызды интеллектуалды, тағлымды шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Қазір уақыт талабына сай медиация институтының өзектілігі арта түсуде. 2021 жылы «Медиация институтын дамыту бойынша кешенді іс-шаралар» жобасы жүзеге асып, республика медиаторларының қатысуымен 3 семинар- тренинг пен 3 виртуалды кездесу және 25-сағаттық курстар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар медиаорталықта «Басқаша әңгіме» жобасы да бастау алды. «Балақай.тв» — өскелең ұрпаққа халқымыздың мәдениеті мен төл дәстүрін дәріптеуге, біртұтас мемлекетімізді мекендеген этнос өкілдерінің салтымен, әдебетімен таныстыруға, ең бастысы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған. Ал, сұхбат жанрындағы «Басқаша әңгіменің» форматы еркін, ютуб форматына лайықталған. Мақсаты — ютуб кеңістігіндегі аудиторияға «Қоғамдық келісім» жұмысын таныстыру, насихаттау, ҚХА жайлы қоғамда қалыптасқан стереотипті өзгерту, халық арасынан қарапайым спикерлерді тарту.

2021 жылы телеарналарда 130 сюжет, газеттерде 219 мақала, ақпараттық порталдарда 631 мақала, әлеуметтік желілерде 5000 астам ақпарат жарияланды.

2022 жылы қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмысымыздың кешенді жоспары бекітілді. Облысымыздағы барлық ЭМБ, Қоғамдық келісім ұжымы жоспардың тиімді жүзеге асуына барынша жұмыс істеуді бастадық.

— Сұхбат бергеніңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Аружан АЛПЫСБАЙ