Ботулизм ауруының алдын алу шаралары

Ботулизм – Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген ластанған тамақтан жұғады. Ботулизмнің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм ауруы – тамақтан уланудың ауыр түрі, дер кезінде дәрігерге қаралмаса өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Көбінесе үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс, салат, ет, балық консервілерін пайданғаннан болады. Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды: науқас адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, алдында тұрған зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония).

Аурудың алдын-алу жолдары:

– Базар, сауда нысандарынан, ретсіз сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған, қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алуға болмайды;

– Консервіленген салаттарды пайдаланған кезде қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж салаттарды пайдаланбаңыз;

– Жеміс-жидек, көкөніс консервілеген кезде оларды жақсылап жуып, тазасын, бүлінбегенін пайдаланғаныңыз жөн.

Ботулизмнің алғашқы белгісі байқалғаннан дереу жедел жәрдем шақыру қажет.

Науқасқа жедел түрде «Ботулизмге» қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет.

Үй жағдайында салат дайындағанда, жеміс-жидек, көкөніс тұздағанда, банкілерді залалсыздандырып, санитарлық-гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек екендігін есте сақтауларыңыз қажет. Біздің айтқызымыз келгені консервіленген тағамдарды қолданғанда пайда болатын «Ботулизм» ауруы туралы болмақ.

Кұрметті тұрғындар, сіздер өнімдерді дайындау, тасымалдау, сақтау жəне өңдеу барысында санитарлық ережелерді дұрыс сақтамағандықтан ботулизм ауруына шалдығады. Ботулизм ауруы — ботулизм таяқшаларымен зақымдалған тағамдардың əсерінен туындайды. Ботулизмнің қоздырғышы табиғатта кеңінен тараған анаэроб көп уақытқа дейін топырақта спора түрінде сақталады. Сонымен қатар спора топырақтан, ауылшаруашылық малдарының бөлінділерінен, тұщы балық өнімдерінен, əр-түрлі азық-түліктердің (көкөністер, жеміс-жидектер, дəнді-дақылдар, ет жəне т.б.) құрамына түсіп, ауру көзі болып табылады. Азық-түліктерді консервілеу кезінде ботулизмнің бактериялары көбейіп, токсин бөледі. Бөлінген токсин аса қауіпті бактериалды у болып табылады. Бактериалды у адамның ішек сөлінде ыдырамайды, ал оның кейбір түрлері (Е түрінің токсині) керісінше өзінің əсерін күшейтеді. Əдетте, токсин — дайындалу үрдісі бұзылған тағамдарда, үй жағдайында консервіленген өнімдерде, тұздалған балықта, шұжықта, сүрленген шошқа етінде, саңырауқұлақтарда жиналады. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 сағаттан 1-2 күнге дейін ғана созылады. Бастапқы көріністер — жалпы əлсіздік, бастың ауруы. Ботулизм кезінде жүйке жүйесі (көздің көру қабілеті, жұтыну, дауыс өзгереді) зақымдалады. Науқасқа айналасындағы барлық заттар бұлыңғыр, қосарланып көрінеді, көз қарашығының бірі үлкейіп, бірі кішірейеді. Көбінесе қитарлық, бір қабағының түсуі, аккомадацияның бұзылуы байқалады, көз қарашығының жарыққа əсері болмайды. Науқас ауыз қуысында құрғақшылықты сезінеді, даусы əлсіз, сөзі түсініксіз болады. Есі сақталып, дене қызуы қалыпты жағдайда немесе сəл жоғары (37,2-37,3 о С) болады. Бұл ауруға дер кезінде көмек көрсетілмесе, аз уақыттың ішінде өлімге алып келеді. Адам өлімінің алғашқы сағаттарда алдын алатын жалғыз бір дəрі-дəрмек поливалентті сарысу. Есте сақтаңыздар, əрбір тағамды пайдалану жəне дайындау кезінде, əсіресе, азық-түлік өнімдерінің өндірісінде, қақтағанда, үй жағдайында саңырауқұлақ, жеміс-жидектердің консервілерін дайындауда, малды сойғанда жəне етті өндеуде қатаң санитарлық ережелерді сақтауларыңыз керек. Адам өміріне аса қауіпті- консервіленген саңырауқұлақтар, дұрыс өңделмеген ет жəне балық көнсервілерінде споралар сақталып, өнімнің қаптамаларында «бомбаж» (ол газ жиналып құтының үрленуі, ісінуі) тудырады. Сапасы күмəн келтіретін азық-түліктерді қолдануға тыйым салынады: тағамның өткір иісті ірімшік немесе ашқылтым май сияқты дəмі болады. Тек барлық санитариялық ережелерді сақтағанда, яғни дайындайтын азық-түліктерді, алдын — ала жақсылап жуып, бөгде заттардан тазалап қолданғанда ғана, біз өзіміздің денсаулығымызды қорғай аламыз.

Айнаш Еламановна ТУЛЕШОВА,

Қарағанды қаласы Қазыбек би

атындағы ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының бас маманы