Қазақстан жастары үшін білімге жол ашық

Қазақстан балаларының сапалы білім алуына жағдай жасалып келеді. Мемлекет тегін білім беруге гранттар бөліп, мектеп жүйесін дамытуға және жастардың білім алуына қолдау көрсетуде. Бүгінде елімізде әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті жас ғалымдардың жаңа буыны қалыптасып келеді.

ҚҚДИ сарапшысы, PhD, әлеуметтанушы Руслан Ыбырайдың айтуынша, білімнің қолжетімді болуы – жастардың болашағына жол ашатын маңызды фактор. Шетелдік жетекші университеттердің филиалдары ашылып, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы жаңарып, зерттеу жұмыстары мен ғылымды коммерцияландыруға қолдау күшейіп келеді.

«Жастарды бақытты ететін нәрсенің бірі – білім. Сондықтан олардың сапалы білім алуына жағдай жасау – ел болашағына салынған инвестиция. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетіліп жатыр», – деді сарапшы.