Ескі заттарға жаңа өмір: Қарағанды шеберінің өнері

Қарағандылық мозаика шебері Павел Король өз ауласын ерекше сәнді әрі көркем етіп безендірумен айналысып келеді. Жылдар бойы жинаған бөтелке тығындары мен ескі заттарды қолданып, ол жануарлар мен түрлі пішіндерден мүсіндер жасап, қаламыздың бір көрікті жеріне айналдырды.

Жаңа туындысы – ескі титан бойлерінен жасалған үкі. Бұл ерекше идеяға Павел күтпеген жерден істен шыққан электротитанды қарағанда келген. Қоқысқа тастамай, оған жаңа өмір сыйлаған шебер мүсінді мықты әрі ұзаққа шыдамды ету үшін цементтің жоғары маркасын және Назарбаев даңғылынан алынған ескі брусчаткаларды қолданады. Үкінің тұғыры да сол брусчаткалардан құралады.

Павелдің айтуынша, осы өнердің жасалуы көп еңбек пен шыдамдылықты қажет етеді. Кейде көршілері аздап қаржылай көмектесуге дайын, ал кейбір материалдарды жақын маңдағы адамдар тегін жеткізіп береді. Алайда вандализм де орын алады, бірақ шебер бұған да төзімді мүсіндер жасаумен жауап береді.

Бұл аула Қарағанды қаласының тұрғындары мен мектеп оқушыларының сүйікті орнына айналды. Балалар экскурсияға келіп, өнер туындыларын тамашалап, таза әрі жайлы ортада серуендейді. Тұрғындар Павел Корольдің еңбегін жоғары бағалап, оған алғыстарын білдіреді.

Павелдің еңбегі – қаламызға деген сүйіспеншіліктің жарқын мысалы әрі шығармашылықтың ерекше үлгісі. Ескі титаннан жасалған үкі мүсіні – өнер мен өмірдің үйлесімділігі, қаланың сәні мен рухани байлығын көрсететін ерекше көрініс.

Құралай КӨБЕНОВА,

«QH»