Қарағандыда қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

15-наурыз Қарағандыда Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған қалалық ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкелерде сатылатын өнімдер (ауыл шаруашылық өнімдері, ет-сүт және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері) орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын болады.

Сауданың басталуы – 09:00.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелер қаланың үш секторында ұйымдастырылған:

Оңтүстік-Шығыс – «Global City» СОО Фермерлік орталығы (134-ші есептік тоқсан, 921-бап);

Майқұдық – «Умай» СҮ (Карла Маркса к-сі, 9);

Пришахтинск – «Жастар» МҮ (Металлистов к-сі, ст24/2).

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты