Профилактикалық іс-шара

Төтенше жағдайлар басқармасы қала өрт сөндірушілерімен бірлесіп тұрғын үй секторларында үгіт-профилактикалық іс-шараны іске асыруда. Өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірумен қатар, ТЖД қызметкерлері көміртегі тотығы датчиктерін де орнатты.

Лилия Панкина-Пришахтинск тұрғыны. Оның отбасына өрт сөндірушілермен бірге қалалық ТЖ басқармасы өткізетін акцияға қатысу бақыты бұйырды. Өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтағанына қарамастан, қосымша қауіпсіздік білімі ешқашан артық етпейді, дейді қала тұрғыны.

 — ТЖД қызметкерлері датчиктерді жақсылап орнатты, егер үйіңізде пеш болса, газданумен байланысты қандай да бір мәселе болса, датчиктер бірден іске қосылады. Біз осында 18 жыл тұрып жатырмыз. Алайда бірде-бір өрт оқиғасын көрмеппін. Адамдар бәрін уақытында тексеруге тырысады. Пештерді тазалап, уақытында жөндейміз. Қыста біз көбінесе үйде болуға тырысамыз, — дейді Лилия Панкина.

Өкінішке қарай, Қазақстанда статистика бойынша тұрғын үй секторларында 2023 жылдың соңында 4 мыңнан астам өрт ресми тіркелген. Өрттің негізгі себебі электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау және үйлердегі сымдарды уақтылы ауыстырмау болып табылады. Осыған байланысты облыстың ТЖД жылу маусымы алдында өрт қауіпсіздігі ережелерін, түсіндіру мақсатында өрт сөндірушілермен бірлесіп жеке үйлерді аралап шықты. Сондай-ақ әлеуметтік есепте тұрған отбасылар үшін көмірқышқыл газының датчиктері орнатылды. ТЖ қызметкерлері барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Пештер мен кез келген от көзінің жанында жанғыш және өздігінен тұтанатын заттарды қалдырмаңыз. Көмірқышқыл газы үйге кірмес үшін мұржаларды уақытында техникалық тексеруден өткізіңіз. Өрт туындаған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

АЙДЫН ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»